Президент Жолдауындағы басымдықтар – QyzPU назарында
-
08 қыркүйек, 2025
![Президент Жолдауындағы басымдықтар – QyzPU назарында]()
2025 жылғы 8 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын Парламент палаталарының бірлескен отырысында жариялады.
Осы маңызды саяси оқиғаны Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің проректорлары, құрылымдық бөлім басшылары, институт директорлары және студенттері тікелей эфирде бірге тыңдап, Жолдауда айқындалған басымдықтарды талқылады.
QyzPU ұжымы Президент Жолдауында белгіленген стратегиялық міндеттердің ел дамуы үшін айрықша маңызға ие екенін атап өтті. Сондай-ақ білім беру сапасын арттыруға, жастардың кәсіби қалыптасуы мен әлеуметтік қолдауын күшейтуге бағытталған бастамаларды толық қолдайтынын жеткізді.
Университет Мемлекет басшысы айқындаған міндеттерді жүзеге асыруға дайын екенін мәлімдеді. Атап айтқанда, жасанды интеллектіні білім беру процесіне енгізу, оны ғылыми зерттеулерде тиімді пайдалану және студенттердің цифрлық сауаттылығын дамыту бағытында нақты шаралар қолға алынбақ. Сонымен қатар QyzPU сапалы педагог мамандарды даярлау ісінде жоғары жауапкершілікпен қызмет етіп, еліміздің өркендеуіне өз үлесін қоса бермек.
Бөлісу:


