QyzPU студенті III Халықаралық «Шахмат Ганчи-2025» турнирінің жеңімпазы атанды



    • QyzPU студенті III Халықаралық «Шахмат Ганчи-2025» турнирінің жеңімпазы атанды

      QyzPU Физика, математика және цифрлық технологиялар институты, Математика БББ 1 курс студенті Сейдулла Әселай III Халықаралық «Шахмат Ганчи-2025» турнирінде жүлделі III орынды иеленді. Турнир 2025 жылғы 15-18 қыркүйек аралығында Тәжікстан Республикасының Ганчи қаласында өтті.

      Бұл жеңіс – студенттің қажырлы еңбегі, табандылығы мен ойлау қабілетінің жемісі. Турнирге қатысқан үздік шахматшылардың арасынан үздік үштікке ену – Әселайдың спорттық шеберлігінің жоғары деңгейде екенін дәлелдейді.

      Бұл жеңіс университетіміздің атын халықаралық аренада танытуға зор үлес қосты. Әселайға алдағы уақытта да жаңа белестер мен жеңістер тілейміз!

      Бөлісу: