«Көңілді старт»: колледж студенттері спорттық сайыста бақ сынады



    • «Көңілді старт»: колледж студенттері спорттық сайыста бақ сынады

      Кәсіби білім беру колледжінде 1-курс студенттері арасында «Көңілді старт» спорттық сайысы өтті. Бұл шара «2 қазан – Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлерінің күніне» орай ұйымдастырылды.

      Сайыс барысында қатысушылар белсенділік танытып, ұйымшылдық пен спортқа деген қызығушылықтарын көрсетті. Эстафеталық жарыстар студенттерге сергектік сыйлап, көңіл-күйлерін көтерді. Бағдарламаға таяқшамен жүгіру, допты жыланша алып жүгіру, баскетбол добымен жүру, ракетамен шарды жеткізу сияқты қызықты ойын түрлері енгізілді.

      Іс-шараның ашылуында колледж директоры Ақбөпе Қарабаева құттықтау сөз сөйлеп, студенттерге сәттілік тілеп, спорттық іс-шаралардың денсаулық пен ұжымдық рухты нығайтудағы маңыздылығын атап өтті.

      Жарысты дене тәрбиесі пәнінің оқытушылары Ерғали Үмбетұллаұлы Баиташев пен Ержан Түлешұлы Буканов ұйымдастырды. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, арнайы марапаттар табысталды.

       

      Бөлісу: