QYZPU Өзбекстандағы халықаралық білім көрмесіне қатысуда
-
10 қазан, 2025
2025 жылдың 10–11 қазан күндері Өзбекстанның Ташкент қаласында “MY FAIR” компаниясының ұйымдастыруымен “Education & Profession” халықаралық білім көрмесі өтуде.
Іс-шараға әлемнің 10-нан астам елінен келген 40-қа жуық жоғары оқу орны қатысуда. Олардың қатарында Ресей, Кипр, Сингапур, АҚШ, Түркия, Пәкістан, Әзербайжан және Польша мемлекеттерінің жетекші университеттері бар.
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті де аталған көрмеге қатысып, білім ордасының халықаралық деңгейдегі мүмкіндіктері мен артықшылықтарын таныстыруда. Көрме аясында университет өкілдері 5000-нан астам өзбекстандық мектеп бітірушілеріне кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізіп, ақпараттық-түсіндіру материалдарын ұсынды.
Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, келушілер тарапынан зор қызығушылық тудыруда.
Бөлісу: