QyzPU магистранттары Дебрецен университетінде білім алуда



    • QyzPU магистранттары Дебрецен университетінде білім алуда

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің магистранттары Венгрияның жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Дебрецен университетінде оқу тәжірибесін жалғастыруда.

      Бұл мүмкіндік екі оқу орны арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум аясында жүзеге асып отыр. Аталған құжат 2025 жылғы 21 қаңтарда «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КеАҚ пен Дебрецен университеті арасында жасалған болатын.

      Академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде Педагогика және психология институтының, Мектепке дейінгі білім беру кафедрасының магистранттары – Серік Ару Серікқызы, Тойлыбаева Ақжібек Жарқынбекқызы және Қырықбай Шұғыла Исланбекқызы – 2025–2026 оқу жылының күзгі семестрінде шетелдік серіктес университетте білім алуда.

      Магистранттар қазіргі уақытта халықаралық білім беру кеңістігінің заманауи әдіс-тәсілдерін меңгеріп, педагогикалық тәжірибеден өтуде. Олар мектепке дейінгі білім беру саласында еуропалық стандарттар бойынша жұмыс істеудің ерекшеліктерін үйреніп, өздерінің кәсіби және ғылыми әлеуетін арттыруда.

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті халықаралық серіктестік желісін кеңейтіп, студенттер мен магистранттарға әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында білім алу және тәжірибе жинақтау мүмкіндігін ұсынуда.
      Болашақ педагогтардың осындай халықаралық тәжірибесі олардың кәсіби дамуына серпін беріп, еліміздің білім беру жүйесінің сапасын арттыруға өз үлесін қосары сөзсіз.

      Бөлісу: