Ұстаз – ұлттың рухани тірегі



    • Ұстаз – ұлттың рухани тірегі

      2025 жылғы 10 қазанда Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Жаратылыстану институтының 4-курс студенттері дәстүрлі «Ұстаз – ұлттың рухани тірегі» атты мерекелік шара өткізді.

      Шара барысында студенттер өздеріне төрт жыл бойы білім мен тәрбие берген ұстаздарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың еңбегіне деген алғыстарын ақжарма тілектермен жеткізді.

      Мерекелік кешке Жаратылыстану институтының директоры Гаухар Өмірәліқызы Байташева қатысып, ұстаздарға арналған ізгі тілегін білдіріп, олардың жас ұрпақ тәрбиесіндегі ерен еңбегін ерекше атап өтті.

      Кеш барысында студенттер ұстаздарына арнап «Ұстазым», «Мың алғыс саған, Ұстазым!», «Қазақ қыздары» әндерін орындап, әсем билер биледі. Сондай-ақ ұстаздардың еңбегіне арналған бейнеролик көрсетіліп, көңілді «Әуенді тап» ойыны ұйымдастырылды.

      Жылы атмосферада өткен бұл шара ұстаз бен шәкірт арасындағы сыйластық пен рухани байланыстың айғағына айналды.

      Бөлісу: