«Ұрпаққа ұлағат, ұрпақтан құрмет!» мерекелік кеші өтті
-
14 қазан, 2025
![«Ұрпаққа ұлағат, ұрпақтан құрмет!» мерекелік кеші өтті]()
14 қазан 2025 жылы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Жаратылыстану институты мен Алматы қаласы Алмалы ауданы Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Ұрпаққа ұлағат, ұрпақтан құрмет!» атты мерекелік кеш өтті.
Іс-шараның мақсаты – ардагер ұстаздар мен қарттарға құрмет көрсету, олардың өмірлік еңбегін бағалау және жастарға үлгі ету.
Кеш барысында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Ардагерлер кеңесінің төрағасы Адамбек Мақсұтұлы Татенов сөз сөйлеп, Дүниежүзілік қарттар күніне орай университет ардагерлерінің ұстаздық қызметіне тоқталып, ардагерлерге көрсетілетін қамқорлық пен олардың өмір сапасын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады.
Сондай-ақ, Алмалы ауданы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Батай Маманұлы Қабылов сөз алып, ардагерлерді мерейлі мерекемен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. Жаратылыстану институтының директоры Гаухар Өмірәліқызы Байташева өз сөзінде өскелең ұрпақтың тәрбиесі мен болашақ педагогтардың рухани дамуы жөнінде айта келе, ардагер ұстаздарға құрмет пен алғыс білдірді.
«Қарттар – қазына, ұрпаққа өнеге» деген ұстаным аясында өткен кеште «Зерде» студенттердің өзін-өзі басқару ұйымының өнерпаз студенттері мен кешке арнайы шақырылған «Аялы Әжелер» ансамблі ән мен биден шашу шашып, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Іс-шара аясында ардагер ұстаздарға құрмет көрсетіліп, жылы лебіздер мен ізгі тілектер айтылды.
Бөлісу:


