Анна Кудияровамен кездесу: психоанализ – тұлғалық дамудың кілті
-
15 қазан, 2025
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Тұлға қалыптастыру департаменті, Қыздар көшбасшылығы және кәсіпкерлік орталығы студенттерге арналған «Психоанализ арқылы тұлғалық дамуға қадам» атты мотивациялық дәріс өткізді.
Дәрістің басты мақсаты – қатысушыларға өзін-өзі тану және тұлғалық даму үдерісінде психоанализдің маңызын түсіндіру, ішкі әлемін тереңірек зерттеуге, эмоциялар мен мінез-құлықты саналы түрде басқаруға, өмірлік мақсаттары мен құндылықтарын айқындауға ынталандыру болды.
Шараның құрметті қонағы – Анна Кудиярова, PhD, Орталық Азия психоанализ институтының директоры, кәсіби психоаналитик. Дәріс барысында студенттер психоанализдің негізгі қағидаларымен танысып, ішкі ресурстарды тану мен басқару әдістерін меңгерді. Сонымен қатар өзіндік құндылық пен сенімділікті қалыптастыру, эмоционалды интеллектіні дамыту тақырыптары кеңінен талқыланды.
Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тәжірибелі маманнан кәсіби кеңес алу мүмкіндігіне ие болды. Мастер-класс психологиялық сауаттылықты арттыруға және тұлғалық дамуға бағытталған ерекше тәжірибелік дәріс ретінде өтті. Іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарымен үндесіп, IV мақсат – «Сапалы білім» және VIII мақсат – «Лайықты жұмыс пен экономикалық өсу» бағыттары аясында ұйымдастырылды.
Бөлісу: