«Оқытудың мәдени негіздері» тақырыбында қонақ дәріс өтті
-
17 қазан, 2025
![«Оқытудың мәдени негіздері» тақырыбында қонақ дәріс өтті]()
2025 жылғы 17 қазан күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институты, Тарих кафедрасының ұйымдастыруымен «Оқытудың мәдени негіздері» тақырыбында қонақ дәріс өтті.
Дәрісті Қазан федералды университетінің Джизак (Өзбекстан) қаласындағы филиалының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, халықаралық деңгейдегі сарапшы Галимов Алмаз Мирзанурович жүргізді. Іс-шараға институт оқытушылары мен студенттері, жас зерттеушілер қатысты.
Қонақ дәрістің негізгі мақсаты – студенттердің мәдениетаралық білім мен оқыту үдерісіндегі мәдени құндылықтардың маңызын түсіндіру, болашақ тарихшылар мен педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, білім беру саласындағы заманауи әдіс-тәсілдерді талқылау және халықаралық академиялық әріптестікті нығайту болды.
Дәріс барысында профессор Алмаз Мирзанурович қазіргі жаһандану жағдайында мәдениет пен білімнің өзара байланысына, оқытудағы мәдени контексттің маңызына және әлемдік тәжірибедегі тиімді әдістемелерге кеңінен тоқталды. Тыңдаушылар дәріс арқылы мәдениетаралық түсініктерін тереңдетіп, кәсіби құзыреттіліктерін арттыру жолдарын қарастырды. Сондай-ақ, олар сыни және ғылыми ойлау қабілеттерін жетілдіріп, білім беру саласындағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Галимов Алмаз Мирзанурович – педагогика және мәдениеттану саласында көпжылдық тәжірибесі бар, халықаралық ғылыми жобалар мен академиялық бағдарламалардың белсенді қатысушысы. Ғалымның мазмұнды дәрісі тыңдаушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Қатысушылар өз сауалдарын қойып, пікір алмасып, заманауи білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелерді талқылады.
Мұндай іс-шаралар университеттің халықаралық деңгейдегі ғылыми байланыстарын нығайтып, жас мамандардың кәсіби дамуына серпін береді.
Бөлісу:


