QyzPU өкілдері TÜRKÜNIB Бас жиналысына қатысты
-
17 қазан, 2025
2025 жылғы 15 қазанда Өзбекстан Республикасының астанасы Ташкент қаласында «Түркі университеттері Одағының (TÜRKÜNIB) VIII Бас жиналысы» өтті.
Шараға Түркі университеттері Одағының төрағасы болып табылатын Ташкент халықаралық университетінің (Tashkent International University, TIU) ресми шақыруы негізінде Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінен Әлеуметтік даму және студенттер ісі жөніндегі проректор Еркын Жуманкулова және Филология институтының директоры, профессор Айгүл Сатбекова қатысты. Биылғы жиын «Білімсіз құтқару жоқ» ұранымен ұйымдастырылды.
Жиналысқа мүше жоғары оқу орындарының басшылары мен өкілдері, сондай-ақ Түркі мемлекеттері ұйымы (OTS), Түркі академиясы, TURKSOY және басқа да академиялық және мәдени институттардың өкілдері қатысты. Кездесу барысында түркі мемлекеттері арасындағы жоғары білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, бірлескен жобаларды жүзеге асыру және академиялық ұтқырлықты дамыту мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, 2025 жылғы 16 қазанда Ташкент мемлекеттік шығыстану университеті (TSUOS) ұйымдастырған «Қараханидтер – Альп Эр Тонга (Афрасиаб) ұрпақтары: Қараханидтер дәуіріндегі түркі және ислам әлемі» тақырыбындағы халықаралық ғылыми конференция өтті.
TÜRKÜNIB Бас жиналысы түркі елдері арасындағы академиялық және мәдени байланыстарды нығайтып, жоғары білім беру саласында жаңа серіктестік мүмкіндіктерін ашуға бағытталған маңызды алаң болып табылады.
Бөлісу: