2025–2026 оқу жылына арналған оқу төлемақысына жеңілдіктер бекітілді



    • 2025–2026 оқу жылына арналған оқу төлемақысына жеңілдіктер бекітілді

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде 2025–2026 оқу жылында ақылы негізде білім алатын студенттерге оқу ақысына жеңілдіктер тағайындау жөніндегі Комиссияның отырысы өтті.

      Комиссия жұмысы «Білім алушылардың оқу ақысына жеңілдіктер тағайындау туралы» Ережеге сәйкес ұйымдастырылды. Оның басты мақсаты – әлеуметтік санаттағы студенттерге қолдау көрсету, дарынды жастарды ынталандыру және білім алушылар контингентін тиімді қалыптастыру.

      Отырыста студенттердің үлгерімі, әлеуметтік мәртебесі мен ұсынылған құжаттардың дұрыстығы жан-жақты қарастырылды. Комиссия шешіміне сәйкес, бір студентке бір уақытта тек бір ғана жеңілдік түрі беріледі.

      Аталған бастама БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының бірі – ТДМ 1: «Кедейлікті жою» бағытымен үндеседі.

      Бөлісу: