УНИВЕРСИТЕТТІҢ ЖАС ҒАЛЫМЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚОРЫНЫҢ ЛАУРЕАТЫ АТАНДЫ



    • УНИВЕРСИТЕТТІҢ ЖАС ҒАЛЫМЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚОРЫНЫҢ ЛАУРЕАТЫ АТАНДЫ

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің жас ғалымы, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры, ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы жас ғалымдар кеңесінің Президиум мүшесі, PhD Мөлдір Абдраймова Нұрсұлтан Назарбаев Қоры сыйлығының лауреаты атанды.

      Байқау отандық ғылым, мәдениет, білім беру, медицина және цифрлық технологиялар салаларының дамуына елеулі үлес қосып жүрген талантты тұлғаларды біріктіреді. Сыйлық өз еңбегімен елдің әлеуметтік-экономикалық және зияткерлік дамуына нақты үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға табысталады.

      Мөлдір Абдраймова «Жаңа кешенді қосылыстардың синтезі: химиялық-физикалық және электрофизикалық зерттеулер» атты ғылыми жұмысы үшін жоғары бағаға ие болды. Оның зерттеу нәтижелері химия ғылымының жаңа бағыттарын дамытуға және қолданбалы зерттеулердің сапасын арттыруға зор үлес қосады.

      Бөлісу: