«Мисс Филология – 2025» анықталды
-
17 қазан, 2025
2025 жылғы 17 қазан күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Филология институтында дәстүрлі «Мисс Филология – 2025» байқауы өтті. Сұлулық пен парасатты, өнер мен білімді ұштастырған бұл шара институт өміріндегі ең жарқын мәдени оқиғалардың бірі болды.
Байқаудың басты мақсаты – студент қыздардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау, эстетикалық талғамы мен сахна мәдениетін дамыту, сонымен қатар ең өнерлі, ең білімді әрі ең сымбатты филолог аруды анықтау еді.
Дәстүрлі додаға институттың 1-курс студенттері қатысып, өздерін түрлі қырынан таныта білді. Қатысушылар келесі кезеңдер бойынша бақ сынады:
- Таныстыру – өзін және тобын шығармашылық тұрғыда таныстыру;
- Интеллектуалдық тур – логикалық және мәдени сұрақтарға жауап беру;
- Шығармашылық өнер көрсету – ән айту, би билеу, өлең оқу немесе сахналық көрініс қою;
- Сәндік дефиле – ұлттық және кешкі киім үлгілерін көрсету.
Төрт түрлі бағытта сынға түскен арулардың арасынан Жұмажан Назерке Мұратқызы топ жарып, «Мисс Филология – 2025» атағына ие болды. Ал Шектибаева Құралай Генжебайқызы 2 орын, Жазылбек Ажар Мұратқызы 3 орын иеленді. Қазылар алқасы қатысушылардың таланты мен сахнадағы өзіндік болмысын жоғары бағалап, жеңімпазға арнайы тәж бен диплом табыстады. Сонымен қатар, ерекше қабілетімен көзге түскен студенттер түрлі номинациялар бойынша марапатталды. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй мен шабыт сыйлады.
Бөлісу: