QYZPU FEST – 2025: студенттік ұйымдар жәрмеңкесі өтеді
-
15 қыркүйек, 2025
![QYZPU FEST – 2025: студенттік ұйымдар жәрмеңкесі өтеді]()
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде 16–17 қыркүйек күндері сағат 17:00-де «Ақшатыр» амфитеатрында (Гоголь көшесі, 114) дәстүрлі QYZPU FEST – 2025 студенттік ұйымдар жәрмеңкесі өтеді.
Бұл фестиваль – университет өмірінің ерекше дәстүрлерінің бірі. Мұнда студенттер түрлі ұйымдар мен кеңестердің жұмысымен танысып, жаңа достар таба алады, өзіне жақын ортаға қосылып, қызықты жобаларға қатысу мүмкіндігіне ие болады.
QYZPU FEST – 2025 бағдарламасында:
- студенттік кеңестер мен клубтардың таныстырылымы;
- мәдени және спорттық қойылымдар;
- еріктілер қозғалысы мен жастар бастамаларының жобалары;
- шығармашылық концерттер, флешмобтар және ойын-сауық бағдарламалары өтеді.
Фестиваль студенттерге тек көңіл көтеру ғана емес, сонымен қатар өзін дамытуға, көшбасшылық қабілеттерін шыңдауға және белсенді ортада жаңа тәжірибе жинақтауға жол ашады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жәрмеңке – болашақ мамандардың кәсіби және әлеуметтік тұрғыда өсуіне ықпал ететін ерекше алаң.
Қыздар университеті барлық студентті, оқытушыларды және қонақтарды QYZPU FEST – 2025 мерекесіне шақырады!
Бөлісу:


