«Ерте модерннің ұзақ көлеңкесі: Фуллер, Дягилев, Грэм» атты дәрістер циклі



    • «Ерте модерннің ұзақ көлеңкесі: Фуллер, Дягилев, Грэм» атты дәрістер циклі

      Qazaq Ballet Creative Lab «Ерте модерннің ұзақ көлеңкесі: Фуллер, Дягилев, Грэм» атты дәрістер циклін ұсынады. Лекцияларды Оксфорд университетінің екінші курс докторанты, тарихшы Линда Квиткина жүргізеді. Дәрістер 22 қыркүйек 11:00-де, 24 қыркүйек 12:00-де, 26 қыркүйек 14:00-де болады.

      Цикл аясында тыңдармандар ХХ ғасырдың басындағы би өнеріне тарихшының көзімен қарауға мүмкіндік алады. Линда Квиткинаның ғылыми қызығушылықтары – тән мен қозғалыс, би тарихы, сондай-ақ бидің саясатпен және тарихпен өзара байланысы.

      Бұл – жас зерттеушілер, студенттер мен би және мәдениетке қызығушылар үшін әлемдік тәжірибеден шабыт алуға, кәсіби көкжиектерін кеңейтуге және Оксфордтан келген сарапшыға тікелей сұрақ қоюға арналған бірегей мүмкіндік.

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Хореография және арт-менеджмент кафедрасы – жоба серіктесі.

      Бөлісу: