QyzPU-да ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыруға өтінім дайындау бойынша семинар өтеді
-
07 қазан, 2025
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыруға өтінімдерді әзірлеу және қолдау тақырыбында ақпараттық-практикалық семинар басталады.
Іс-шараның басты мақсаты – университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының гранттық конкурстарға қатысу құзыреттілігін арттыру, сондай-ақ жоғары сапалы жобалық өтінімдер мен сметаларды әзірлеу дағдыларын дамыту.
Семинар тренинг және жеке консультациялар форматында өткізіледі. Бағдарламаның жалпы ұзақтығы – 36 сағат. Оқу процесі 8–30 қазан аралығында ұйымдастырылады.
Толық кестемен танысу үшін келесі сілтеме арқылы өтіңіз:
Бұл семинар – ғылыми әлеуетті арттыруға, зерттеу жобаларының сапасын жақсартуға және университет ғалымдарының бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге бағытталған маңызды қадам болмақ.
Бөлісу: