YouTube арқылы қаржылық тәуелсіздікке жету жолдары



    • YouTube арқылы қаржылық тәуелсіздікке жету жолдары

      Құрметті білім алушылар!

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде жастардың цифрлық сауаттылығын арттыру және жаңа медиа саласында табысқа жету мүмкіндіктерін көрсету мақсатында «YouTube арқылы қаржылық тәуелсіздікке жету жолдары» атты шеберлік сабағы өтеді. Шараны Тұлға қалыптастыру департаменті, Қыздар көшбасшылығы мен кәсіпкерлік орталығы ұйымдастырады.

      Спикер: Ерсин Сұлтан – кәсіпкер, контент-маркетинг саласының сарапшысы, YouTube арқылы табысқа жеткен жас маман.

      Шара барысында қатысушылар YouTube және басқа цифрлық платформалар арқылы табыс табудың, жеке бренд қалыптастыру мен қаржылық еркіндікке жетудің тиімді тәсілдерін меңгереді.

      Іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының IV – «Сапалы білім», VIII – «Лайықты жұмыс пен экономикалық өсу», XVII – «Тұрақты даму үшін серіктестік» бағыттарымен үндеседі.

      Өтетін күні: 14 қазан 2025 жыл
      Уақыты: 15:00–17:00
      Өтетін орны: №1 оқу ғимараты, Акт залы

      Баршаңызды пайдалы әрі шабыт беретін кездесуге шақырамыз!

      Бөлісу: