Психоанализ арқылы тұлғалық дамуға қадам
-
14 қазан, 2025
Құрметті студенттер!
Тұлға қалыптастыру департаменті, Қыздар көшбасшылығы және кәсіпкерлік орталығы 1-курс студенттерін мотивациялық кездесуге шақырады.
Кездесудің құрметті қонағы – Анна Кудиярова, PhD, Орталық Азия психоанализ институтының директоры, кәсіби психоаналитик. Ол студенттермен психоанализдің негіздері, өзін-өзі тану, ішкі ресурстарды басқару және эмоционалды интеллектіні дамыту секілді маңызды тақырыптар төңірегінде тәжірибесімен бөліседі.
Дәрістің мақсаты:
Тұрақты даму мақсатының (ТДМ) 3-бағыты — «Салауатты өмір салты мен психологиялық әл-ауқатты қамтамасыз ету» ұстанымына сәйкес, бұл дәріс студенттердің психологиялық мәдениетін арттыруды, өзін-өзі тану мен эмоционалды тепе-теңдікті сақтаудың маңызын түсіндіруді көздейді.Өтетін күні: 15 қазан 2025 жыл
Өтетін орны: 215 конференц-зал
Уақыты: 15:00–16:00Өзіңді тануға бағытталған бұл дәрісті жіберіп алма!
Бөлісу: