Platonus жүйесі бойынша семинар өтеді



    • Platonus жүйесі бойынша семинар өтеді

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Цифрлық даму департаменті жаңадан жұмысқа қабылданған қызметкерлерге арналған Platonus жүйесімен таныстыру семинарын өткізеді.

      Семинардың мақсаты – университеттің оқу үдерісін автоматтандыруға арналған Platonus білім беру платформасының негізгі мүмкіндіктері мен жұмыс істеу қағидаттарын таныстыру.

      Platonus жүйесі студенттер мен оқытушыларға оқу жоспарын басқару, сабақ кестесін көру, бағаларды енгізу және академиялық есептерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.

      Іс-шара барысында қатысушылар:

      • жүйеге кіру мен интерфейсімен жұмыс істеу тәсілдерін меңгереді;
      • оқу және әкімшілік деректермен жұмыс істеуді үйренеді;
      • жүйенің жаңа мүмкіндіктері туралы ақпарат алады;
      • Цифрлық даму департаменті мамандарына өз сұрақтарын қойып, практикалық кеңес ала алады.

      Өткізу күні: 15.10.2025
      Басталуы: сағат 15:00

      Семинар онлайн ZOOM платформасында өтеді. https://zoom.us/j/99325784994?pwd=iAktBHNQsOPnt7RAZYSHnGP9EJuNQg.1

      Барлық жаңа қызметкерлерді белсенді қатысуға шақырамыз!

      Бөлісу: