Инклюзивті білім беру бойынша халықаралық сарапшымен кездесу өтеді



    • Инклюзивті білім беру бойынша халықаралық сарапшымен кездесу өтеді

      Құрметті QyzPU ұжымы!

      20 қазан күні сағат 10:00–11:00 аралығында QyzPU университетінде инклюзивті білім беру саласының халықаралық сарапшысы Сара Джонсон (Sarah Johnson) қатысатын ашық кездесу өтеді.

      Сара Джонсон – “All About SEMH” және “Behaving Together” кітаптарының авторы, инклюзивті білім беру бағытындағы халықаралық кеңесші, әлемнің түрлі елдерінің Білім министрліктерімен ынтымақтастықта жұмыс істейтін беделді маман.

      Воркшоптың тақырыбы – “All about Social Emotional and Mental Health (SEMH)”. Кездесу барысында сарапшы әлеуметтік-эмоциялық және психикалық денсаулық мәселелерін қамтитын инклюзивті білім беру тәжірибесі туралы өз тәжірибесімен бөліседі.

      Өтетін орны: Бөгенбай батыр көшесі, 142, 501-аудитория
      Уақыты: 20 қазан, 10:00–11:00

      Барлық оқытушылар мен студенттерді кездесуге қатысуға шақырамыз!

      Бөлісу: