Шетелде білім алу мүмкіндігі: академиялық ұтқырлық туралы семинар өтеді
-
17 қазан, 2025
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде халықаралық білім алуға қызығушылық танытқан студенттер үшін маңызды кездесу өтеді. Халықаралық ынтымақтастық бөлімі «Академиялық ұтқырлық: шетелде оқу мүмкіндіктері» атты ақпараттық семинар ұйымдастырады.
Өтетін күні: 21 қазан 2025 жыл
Уақыты: 14:00
Өтетін орны: Алматы қ., Гоголя көшесі, 114 үй, 3-қабат, Акт залыСеминар барысында қатысушыларға академиялық ұтқырлық бағдарламалары туралы толық ақпарат беріліп, шетелде оқуға қажетті құжаттар мен талаптар түсіндіріледі. Сонымен қатар, қазіргі уақытта Еуропада білім алып жатқан студенттердің онлайн және офлайн тәжірибелерімен танысу мүмкіндігі де ұсынылады.
Спикерлер қатарында:
- Джакубаева Салтанат Төлеуовна – Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы
- Нұртаза Айдана Нұралықызы – Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің аға менеджері
- Арайлым Пернебек және Дана Жанжігіт – Erasmus+ бағдарламасы қатысушылары, Франция, Via Domitia Перпиньян университеті (онлайн)
- Жақсылыққызы Маржан – Түркия, Нийде Өмер Халисдемир университеті (офлайн)
- Тойлыбаева Ақжібек – Венгрия, Дебрецен университеті (онлайн)
Академиялық ұтқырлық – жаңа білім, мәдени тәжірибе және халықаралық байланыстарға жол ашатын мүмкіндік.
Семинарға келіңіз, өз болашағыңыздың жаңа парағын бірге ашайық!Бөлісу: