Жасанды интеллект дәуіріндегі білім беру мәселелері бойынша халықаралық уоркшоп өтеді



    • Жасанды интеллект дәуіріндегі білім беру мәселелері бойынша халықаралық уоркшоп өтеді

      2025 жылғы 20 қазан күні сағат 15:00-де Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде (QyzPU) жасанды интеллект дәуіріндегі білім беру тақырыбына арналған халықаралық уоркшоп өтеді.

      Іс-шараға Ұлыбританияның Сассекс университетінен келген халықаралық деңгейдегі сарапшылар қатысады:

      • Саймон Томпсон – профессор, Сассекс университетінің Халықаралық істер жөніндегі проректордың орынбасары және Білім беру және әлеуметтік жұмыс мектебінің уақытша басшысының орынбасары;
      • Кит Перера – қауымдастырылған профессор, Білім беру бөлімінің басшысы.

      Халықаралық сарапшылар QyzPU студенттерімен бірге «What professional knowledge and pedagogies do educators need for the age of artificial intelligence?» тақырыбында пікір алмасады. Воркшоп барысында жасанды интеллекттің қазіргі білім беру жүйесіне әсері, болашақ педагогтардың кәсіби даярлығы, педагогикалық әдістер мен білім мазмұнына қойылатын жаңа талаптар жан-жақты талқыланады.

      Өтетін уақыты: 2025 жылғы 20 қазан, сағат 15:00

      Форматы: офлайн

      Өтетін орны: 501-дәріс залы (Бөгенбай батыр көшесі, 142)

      Барлық студенттер, магистранттар және докторанттар қатысуға шақырылады

      Бөлісу: