QyzPU өкілдері Абу-Даби университетінің платформасында өткен халықаралық кездесуге қатысты
-
28 ақпан, 2025
26-27 ақпан күндері UI GreenMetric ұйымдастыруымен Абу-Даби университетінің платформасында Бірінші халықаралық тұрақты даму көшбасшыларының кездесуі өтті.
Кездесуге Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінен Стратегиялық даму департаментінің директоры Камила Сугирбекова және Тұрақты даму студенттік клубының жетекшісі, 4 курс студенті Балайым Амирқұл қатысты.
Шараға әлемдік көшбасшылар мен тұрақты даму саласындағы сарапшылар жоғары білім саласындағы тұрақты дамудың ең өзекті мәселелерін талқылау үшін жиналды.
Университеттерде тұрақты даму принциптерін интеграциялау үшін ынтымақтастықты кеңейту, білім мен озық тәжірибе алмасу, сондай-ақ университеттердің Глобалдық тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) институционалдық және қоғамдық іс-әрекеттер арқылы қалай үлес қоса алатынын көрсету — көшбасшылар кездесуінің басты мақсаты.
Жиында бүкіл әлемдегі балаларды ТДМ принциптеріне оқыту, босқындар арасында кедейлікті жою, суды үнемдеп пайдалану, білім беру бағдарламаларына «жасыл дағдыларды» енгізу және университеттерді декарбонизациялау мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар сапалы білім беру, зерттеулер мен әзірлемелер арқылы инновациялар мен тұрақты инфрақұрылымға қолдау көрсету, кампустарда және университеттердің қызметінде тұрақты практикаларды насихаттау, климаттың өзгеруімен күрес, тұрақтылықты алға жылжыту үшін университеттер, үкіметтер мен салалар арасындағы серіктестіктерді дамыту мәселелері қарастырылды.
Кездесу аясындағы талқылаулар мен ұсыныстар университеттердің тұрақты даму жолында маңызды қадамдар жасауына ықпал етеді.
Бөлісу: