QyzPU мен шетелдік жетекші ғалымдар инулин негізіндегі инновациялық өнім жасауда күш біріктіруде



    • QyzPU мен шетелдік жетекші ғалымдар инулин негізіндегі инновациялық өнім жасауда күш біріктіруде

      25 маусым күні  шетелдік жетекші ғалымдар QyzPU-дың инулин негізіндегі ғылыми-зерттеу жобаларына қызығушылық танытып, ынтымақтастық орнату мақсатында ресми сапармен келді. Тараптар Күрделігүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктерден алынған табиғи инулин негізінде отандық «Максиллин» пребиотигін қолдана отырып, жаңа буындағы биологиялық белсенді тағамдық өнім әзірлеуді жоспарлап отыр.

      Аталмыш препарат ішек микрофлорасын қалпына келтіруге, метаболизмді жақсартуға, иммунитетті нығайтуға және ағзаны табиғи жолмен детоксикациялауға бағытталмақ.

      Білім ордамызға арнайы келген Адам биоплазмасын қалпына келтіру жөніндегі халықаралық орталықтың директоры Татьяна Александровна және Үндістанның Самуилла қаласындағы Халықаралық баламалы медицина институтының профессорлары Dr. A. R. Samiullah пен Dr. Surendra H. Patil QyzPU базасында жүргізіліп жатқан зерттеулерге жоғары баға берді.

      Іссапар аясында мәртебелі қонақтар университеттің Жаратылыстану институты, Пәнаралық зерттеулер орталығында болды. Олар Азимбаева Гүлбайра Ералиевнаның жетекшілігімен жүргізілетін Күрделігүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктерден алынатын инулинді қолдануға негізделген ғылыми жобалармен танысты. Тараптар инулин негізіндегі отандық «Максиллин» пребиотигін пайдалана отырып, ішек микрофлорасын теңестіруге, зат алмасу үдерістерін оңтайландыруға, иммундық жүйені күшейтуге және ағзаны табиғи жолмен тазартуға арналған жаңа буындағы биологиялық белсенді тағамдық өнім жасауды көздеп отыр.

      Халықаралық ғылыми байланыстардың нығаюы QyzPU-дың инновациялық әлеуетін арттыруға, сондай-ақ халық денсаулығын жақсартуға бағытталған экологиялық таза өнімдер жасауда нақты нәтижелерге қол жеткізуге сеп болмақ. Бұл бастама ғылым мен тәжірибенің тоғысындағы жаңа жетістіктерге жол ашары сөзсіз.

      Бөлісу: