АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ АХУАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
-
14 тамыз, 2025
13 тамыз күні Алматы қаласы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде болып, Ахуалдықорталықтың қызметімен және университеттің жаңа оқу жылына дайындығымен танысты.
Ахуалдық орталық ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Алматы қаласы әкімдігінің бастамасымен QyzPU базасында ашылған. Оның негізгі мақсаты – жатақхана орындарының тапшылығын жүйелі шешу үшін мемлекеттік органдар, жоғары оқу орындары және студенттер арасындағы жедел өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.
Бұл орталық еліміздегі 130-дан астам жоғары оқу орындарындағы дағдарыс орталықтарын біріктіріп, студенттерді жатақханаға орналастыру мәселесі бойынша бірыңғай үйлестіру хабына айналып отыр.
2025 жылғы 4 тамыздан бастап Ахуалдықорталықтың «жедел желі» телефонына шамамен 250 қоңырау түскен. Көп жағдайда 1 курс студенттері тұру ақысы, орналастыру мерзімі және жатақханадан орын алу тәртібі жайлы сұрақтар қойған.
Бөлісу: