QyzPU-да педагогтерге арналған Apple Learning Event шарасы өтті
-
15 тамыз, 2025
15 тамыз күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Apple Learning Event – Apple технологияларына негізделген білім беру бағдарламаларына арналған шығармашылық пен инновация күні өтті. Іс-шараны iTeacher Academy, Apple Authorized Reseller QyzPU-мен бірлесе ұйымдастырды.
Apple Learning Event – бұл педагогтерге арналған, Apple Distinguished Educator және Apple Certified Trainer қатысуымен өтетін шеберлік сабақтары, презентациялар және заманауи құрылғылардың (iPad, Mac, Apple Pencil) мүмкіндіктерін тәжірибе жүзінде көрсету алаңы. Биылғы тақырыптар – «Мұғалім кәсібінде бізді алға жетелейтін құндылықтар» және «Оқыту ДНҚ-сы: технологияны енгізу емес, оқытуды құру».
Бағдарлама аясында қатысушылар төрт бағытта топтық секцияларға бөлінді:
Британдық педагог, Apple Distinguished Educator Абдул Чохан мұғалімдерге зерттеуін сапалырақ етуге технология қалай көмектесетінін үйретті.
«ITeacher Academy атынан Алматыдағы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде болу – мен үшін үлкен құрмет. Осы шарада мен мұғалімдердің сыныптарында технологияны тиімді қолдану жолдары туралы сөз қозғаймын. Біз бәріміз мұғалімнің басты міндеттерін жақсы білеміз: зерттеу жүргізу, сабақ ұйымдастыру, оқушыларға кері байланыс беру және тағы басқалар. Алайда бүгін мен осы қызметтерді одан да тиімді, нәтижелі етуге көмектесетін мүмкіндіктер туралы айтамын», – деді Абдул Чохан.
Apple Learning Event – бұл жай ғана іс-шара емес, QyzPU-дің білім беру кеңістігіндегі цифрлық трансформацияға жасаған нақты қадамы. Университет алдағы уақытта Apple Teacher бағдарламасы арқылы оқытушылардың біліктілігін арттыруды, Apple кабинеті негізінде тұрақты тренингтер мен курстар өткізуді, студенттер мен педагогтерге арналған цифрлық шығармашылық байқаулар ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
iTeacher Academy негізін қалаушы, Apple Authorized Reseller Юлия Андреева Apple Learning Event Almaty іс-шарасы мемлекеттік оқу орнының алаңында алғаш рет ұйымдастырылып отырғанын айтты.
«Бүгін спикерлеріміздің қатарында – британдық Apple тренері, Ресейден келген жаттықтырушы және Swift бағдарламалау бойынша жергілікті Apple тренерлеріміз бар. Бұл іс-шараның басты мақсаты – болашақ және қазіргі педагогтерді әлемдік деңгейдегі мамандар мен сарапшылардың тәжірибесімен таныстыру және оны өздерінің оқу үдерісінде қолдануға мүмкіндік беру. Біз мобильді технологиялар негізінде, білім беру қосымшаларын пайдалану арқылы, Apple-дің Everyone Can Create, Everyone Can Code сияқты білім беру бағдарламаларын енгізу мен әдістемелік материалдарын тиімді қолдану жолдарын көрсетеміз», – деп атап өтті.
Бөлісу: