Студенттер қазақ және түрік тілдері аясында ғылыми аударма мәселелерін талқылады
-
15 қазан, 2025
![Студенттер қазақ және түрік тілдері аясында ғылыми аударма мәселелерін талқылады]()
15 қазан 2025 жылы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Ғылыми дискурс аудармасының ерекшеліктері: қазақ және түрік тілдері аясында» атты семинар өтті. Іс-шара Филология институтының және Шетел тілдерін оқыту әдістемесі мен мәдениетаралық коммуникация кафедрасының ұйымдастыруымен өткізілді.
Семинардың мақсаты – студенттердің ғылыми мәтіндерді аудару саласындағы теориялық және практикалық білімдерін тереңдетіп, қазақ және түрік тілдеріндегі ғылыми стиль ерекшеліктерін салыстыра отырып кәсіби құзыреттілігін арттыру болды.
Шараға 6B02301 «Аударма ісі» білім беру бағдарламасының студенттері мен кафедра оқытушылары қатысты.
Семинардың спикері – Сельма Баликчи, Кырыккале Гүлеч АБЖ Анадолу және Ғылыми Орта Мектебінің түрік тілі және әдебиеті маманы. Ол ғылыми дискурсты аударудағы тілдік және мәдени ерекшеліктер туралы кеңінен әңгімелеп, ғылыми терминологияны тиімді қолдану жолдары мен мағыналық дәлдік, стилистикалық сәйкестік қағидаттарын түсіндірді.
Іс-шара қазақ және түрік тілдерінде өтті. Тыңдаушылар екі тілдің ғылыми стиль құрылымындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарға назар аударып, нақты мысалдар арқылы тәжірибе алмасты.
Бөлісу:


