Ішкі аудиторы бос лауазымына конкурс жариялайды



    • Ішкі аудиторы бос лауазымына конкурс жариялайды

      «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі, 050000, Алматы қаласы, Гоголь көшесі 114, «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ішкі аудиторы бос лауазымына конкурс жариялайды;

      Негізгі міндеттер Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштеріне аудит жүргізу және бағалау; нәтижеге бағдарланған бюджетті пайдалану тиімділігін бағалау; Қоғамдағы ішкі бақылау жүйесінің тәуекелдерін басқару аудиті; Қоғамның Бухгалтерлік есеп жүйесінің, ақпаратының (жоспарлары мен есептілігінің) дұрыстығын, толықтығын, объективтілігі мен сенімділігін бағалау, сондай-ақ ішкі және сыртқы пайдаланушыларға осындай ақпаратты (жоспарлар мен есептілікті) сәйкестендіру, өлшеу, сыныптау және ұсыну үшін пайдаланылатын қағидаларды (қағидаттарды, әдістерді) бағалау; ресурстарды, активтерді және оларды есепке алуды, сақтауды (қалпына келтіруді) және/немесе қауіпсіздікті (қорғауды)қамтамасыз етудің қолданылатын әдістерін (тәсілдерін) пайдаланудың ұтымдылығы мен тиімділігін бағалау; Қоғамның Қазақстан Республикасы заңнамасының, ішкі саясаттың және өзге де құжаттардың талаптарын сақтауын, сондай-ақ осы талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету үшін құрылған және қолданылатын жүйелер мен рәсімдердің тиімділігін бағалау; Қоғам органдары шешімдерінің және уәкілетті (қадағалау) мемлекеттік органдардың нұсқамаларының (ұсыныстарының) орындалуын талдау және бағалау; корпоративтік басқару жүйесінің тиімділігін және оны жетілдіру процесін талдау, этикалық стандарттар мен құндылықтарды сақтау.

      Қызметтің мақсаты Директорлар кеңесі мен Комитетті Қоғамды тиімді басқаруды қамтамасыз етуге бағытталған тәуелсіз және объективті ақпаратпен қамтамасыз ету, сондай-ақ қаржылық-шаруашылық қызметін бақылау арқылы Қоғамның мақсаттарына қол жеткізуге ықпал ету, Директорлар кеңесі және Ережемен айқындалған өкілеттіктерге сәйкес Қоғамның ішкі жүйелерін бақылауды, тәуекелдерді басқаруды және корпоративтік басқаруды жақсарту бойынша бағалаулар мен ұсыныстар беру болып табылады.

      Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

      • жоғары кәсіптік (қаржы-экономикалық) білім;
      • Аудитор және/немесе бухгалтерлік есеп және/немесе қаржы саласындағы жұмыс тәжірибесі кемінде бес жыл, оның ішінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінде және (немесе) лицензияланған қаржы ұйымдарында не Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылаушы немесе қадағалау органдарында кемінде 3 жыл;
      • Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу, оның ішінде аудиторлық қызмет, бухгалтерлік есеп және салық салу мәселелері бойынша;
      • ішкі аудиторлар институты (The Institute of Internal Auditorslnc) әзірлеген Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын және халықаралық кәсіби ішкі аудит стандарттарын, халықаралық аудит стандарттарын (ХАС) білу;
      • «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және/немесе СІА ішкі аудит саласындағы сертификатқа (Certified Internal Auditor) және/немесе АССА (Association of Certified Chartered Accountants) алқаби бухгалтер сертификатына және/немесе DipIFR (Diploma in International Financial Reporting) дипломына және/немесе CIPA (Certified International Professional Accountant) халықаралық кәсіби бухгалтер сертификатына және/немесе DipPIA (Diploma in Professional Internal Auditor) дипломына сәйкес алынған мемлекеттік аудитор біліктілігін алуға үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі Ұлттық комиссия берген, кандидатқа мемлекеттік аудитор біліктілігінің берілгенін растайтын арнайы қорғау дәрежесі бар «Мемлекеттік аудитор» куәлігінің болуы;
      • мемлекеттік тілді тиімді қарым-қатынас үшін жеткілікті деңгейде, сондай-ақ ағылшын тілін меңгеруі.

      Конкурсқа мынадай тұлғалар қатыса алмайды:

      1)  бұрын сыбайлыс жемқорлық құқықбұзушылық жасаған;

      2)  белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

      3)  медициналық арнайы мекемелерде есепте тұрғандар;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайлар.

      Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалар төмендегі құжаттарды электронды және қағаз түрінде ұсынады (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде):

      1. 1-қосымшаға сәйкес кандидаттың Қоғамның Ішкі аудиторы қызметіне тағайындау туралы жазбаша өтініші.
      2. 2-қосымшаға сәйкес 3х4 үлгідегі түрлі түсті фотосуретпен белгіленген нысандағы конкурсқа қатысушының қызметтік тізімі;
      3.  конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      4. білімі туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының көшірмелері, салыстыру үшін түпнұсқаларын ұсыну арқылы және кәсіптік қайта даярлау туралы мәліметтер;
      5. тиісті сертификаттар;
      6. ұқсас лауазымдағы жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтер.

      Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.

      Байқаудың өтетін күні мен орны қосымша хабарланатын болады.

      Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КеАҚ Корпоративтік хатшыға: Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі 142/1 (каб.306) тапсыру қажет, телефоны: 8 (702)-266-17-46, e-mail: abikulova.a@qyzpu.edu.kz

      Бөлісу: